Бизнеске арналған салық жаңашылдықтары мен перспективалар

Бизнеске арналған салық жаңашылдықтары мен перспективалар

15.12.2025 12:40:38 213

Зеренді ауданында барлық деңгейдегі әкімдер форумы өтті. Оған 200-ден астам аудан, қала, ауылдық округтің әкімдері қатысты.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Айнұр Елікбаева жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Маңызды өзгерістердің қатарында:

  • ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арналған салық жеңілдіктерін сақтау мен кеңейту, оның ішінде төмендетілген мөлшерлемелер мен қосымша шегерімдер;
  • арнайы салық режімдерінің қарапайым әрі түсінікті жүйесіне көшу – енді олардың саны - 3, есептілігі минималды;
  • бірыңғай жер салығының күшін жою, бұл жер пайдаланудың ерекшелігін неғұрлым икемді етіп, фермерлердің жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді;
  • қашықтан қызмет көрсетуді енгізу – мобильді қосымшалар мен онлайн-платформалар арқылы декларация тапсыруға, есептіліктің мәртебесін қадағалауға және салықтарды мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ төлеу қызметін жолға қою;
  • ҚҚС-тың қосымша есебін сақтау тетігі, оның үлесін 80% дейін арттыру – техника мен ресурстарды сатып алатын агроөндірістер үшін аса маңызды;
  • көлікке қатысты жаңа жеңілдік – фермерлік шаруашылықтарға арналған АСР аясында бір пикапқа (жеңіл жүк көлігі) байланысты салықтан босату.

       Өз кезегінде семинарға қатысқан азаматтар жаңа нормаларды тәжірибеде қолдану, жаңа мөлшерлемелер бойынша салықты есептеу, цифрлы сервистерді пайдалану тәртібі және бұрын тапсырылған декларацияларды түзету мәселелеріне қатысты сұрақтарды қойды.

       Жаңа Салық кодексінің негізгі мақсаттарының бірі – шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ салық жеңілдіктері жүйесі арқылы экономиканың басымдыққа ие салаларын ынталандыру. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1125671?lang=kk