Мерзімдер өткізіп алынған кезде салық есептілігін автоматты түрде қалыптастыру.

Мерзімдер өткізіп алынған кезде салық есептілігін автоматты түрде қалыптастыру.

15.12.2025 16:01:30 169

2026 жылдан бастап салық есептілігін ұсыну процестерін оңтайландыру

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Салық кодексі шеңберінде салық есептілігі мәселелеріне қатысты жаңа нормалардың енгізілгені туралы хабарлайды. Өзгерістер 2026 жылдан бастап күшіне енеді.

Негізгі жаңалықтардың бірі – әкімшілендіру процестерін оңтайландыру. Егер салық төлеуші салық есептілігін белгіленген мерзімде ұсынбаса, ақпараттық жүйе нөлдік көрсеткіштермен (есептелген салық сомасы нөлге тең) есептілікті автоматты түрде қалыптастырады.

Бұл тәсілдің артықшылықтары:

  • Есептілікті ұсынбағаны үшін хабарлама жіберу алынып тасталады.
  • Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарылмайды.
  • ҚР ӘҚБтК-нің 272-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту алынып тасталады, бұл бизнеске қатысты әкімшілік шараларды айтарлықтай төмендетеді.

Маңызды шарт:

Есептілікті автоматты түрде қалыптастыру салық төлеушінің «Жеке кабинетіндегі» (САЖ АЖ) досьесінде ұсынылуға тиіс салық есептілігінің нысандары алдын ала айқындалған жағдайда ғана мүмкін болады. Егер досьеде нысандар көрсетілмесе, жүйе есептілікті қалыптастыра алмайды.

Осыған байланысты, автоматтандырылған жүйенің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін салық төлеушілерге өз досьелеріндегі мәліметтерді алдын ала өзектендіруді ұсынамыз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1125881?lang=kk