Алакөл ауданында жаңа Салық кодексіне арналған Ашық есік күні өтті

Алакөл ауданында жаңа Салық кодексіне арналған Ашық есік күні өтті

15.12.2025 16:50:29 625

Алакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара аясында азаматтар мен кәсіпкерлер үшін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттары мен ерекшеліктері бойынша ақпараттық кездесу өтті. Кездесу барысында басқарма мамандары қосылған құн салығы, корпоративтік және жеке табыс салығына қатысты енгізілетін маңызды өзгерістерге жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар қатысушыларға салықтық әкімшілендіруді оңайлату шаралары, шағын және орта бизнес субъектілері үшін жаңа мүмкіндіктер, әкімшілік жүктемені төмендету және салықтық рәсімдердің ашықтығын арттыру бағытындағы бастамалар туралы кең көлемде мәлімет берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1126080?lang=kk