Қалалық мәслихатта Астананың 2026-2030 жылдарға дамыту жоспары қабылданды

Қалалық мәслихатта Астананың 2026-2030 жылдарға дамыту жоспары қабылданды

15.12.2025 18:41:02 221

Бүгін қалалық мәслихаттың отырысында «Астана қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары» қабылданды. Қала әкімінің орынбасары Евгений Глотов депутаттарға «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заң және «ҚР 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына» сәйкес әзірленген тұтас жоспар ұсынды.

Даму жоспары үш негізгі басымдықты қамтиды: *Бәсекеге қабілетті қала: инвестиция тарту, бизнес үшін қолайлы жағдай жасау, халықтың өмір сүру сапасын арттыру.

Адами капиталды дамыту: білім беру және денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, азаматтардың кәсіби өсуін қолдау.

Жайлы қалалық орта: экологиялық жағдайды жақсарту, қауіпсіз және ыңғайлы қалалық кеңістік құру.

Жоспарда Астана экономикасының өнеркәсіп, көлік-логистика, финтех және IТ саланы қоса алғандағы негізгі кластерлерін дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Қаланың жалпы өңірлік өніміндегі (ЖӨӨ) олардың үлесін одан әрі ұлғайту жоспарлануда.

2030 жылға қарай келесі негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарлануда: ЖӨӨ-ні 2 есеге, 30 трлн теңгеге дейін ұлғайту, 26,3 трлн теңге инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспортын 6,7 млрд долларға дейін арттыру және туристік ағынды жылына 2,8 млн адамға дейін ұлғайту.

- Бұдан бөлек, жоспар шеңберінде еңбек өнімділігі, ШОБ дамыту және инновациялар бойынша көрсеткіштер көзделген. Адами капиталды дамыту бағытында білім беру деңгейін, медициналық көмектің тиімділігін арттыру және әлеуметтік қолдаудың атаулылығын арттыру басымдыққа ие болады. Білім беруде мектептердің жайлылығы мен оқыту сапасын Халықаралық стандарттарға жеткізу. Денсаулық сақтауда мекемелер желісін кеңейту және емдеудің жаңа инновациялық әдістерін енгізу жоспарлануда. Әлеуметтік қорғауда арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну сапасына және инклюзивті орта құруға қойылатын талаптар күшейтіледі. Жайлы орта бағытында көлік, энергетика, коммуналдық шаруашылық, сәулет, құрылыс және экология ескеріледі. Даму жоспарында теңдестірілген құрылыс, көлік ағындарын басқару, коммуналдық объектілердің қуатын арттыру, экологиялық жағдайды жақсарту және қалалық басқаруды цифрландыру көзделген, - деп қосты Евгений Глотов.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1126342?lang=kk