Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында отандық туристік компаниялар Бас консулдықтан алғыс хаттарымен марапатталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында отандық туристік компаниялар Бас консулдықтан алғыс хаттарымен марапатталды

17.12.2025 08:00:53 192

Жидда, 2025 жылғы 15 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Бас консул Руслан Қоспанов «Хикмет Тревел», «Атлас Туризм» және «Ниет» туристік компанияларының өкілдерін қабылдады. Аталған компаниялар Қазақстандық қажыларға сапалы және адал қызмет көрсетіп, «Хадж-2025» маусымында қажыларғы жоғары деңгейлі қызметпен қамтамасыз етті.

Іс-шараны ашу барысында Бас консул Қазақстанның Тәуелсіздік күнінің бүкіл халықы үшін және ел тарихындағы ерекше орын алатынын атап өтті. Сондай-ақ, отандық туроператорлардың көрсеткен жоғары деңгейдегі сапалы қызметтері Қазақстанның халықаралық аренадағы жағымды имиджін нығайтуға маңызды үлес қосатынын айтты.

Жиналған тәжірибе мен тұрақты жұмысы арқасында аталған компаниялар тек қана ішкі нарықта емес, сонымен қатар, ТМД елдері мен Сауд Арабиясында да туристік саладағы жетекші фирмалар ретінде өздерін танытты.

Олардың белсенді қызметін бағалау және алғыс білдіру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан азаматтарына және Бас консулдыққа көрсеткен көмегі мен қолдауын ескере отырып, компаниялардың өкілдері салтанатты түрде алғыс хаттармен марапатталды.

Әңгіме жүргізу барысында діни туризм саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланып, отандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға басымдық берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1126556?lang=kk