«Заң мен тәртіп» қоғамның дамуының негізі

«Заң мен тәртіп» қоғамның дамуының негізі

17.12.2025 11:41:43 229

Бүгін «Руханият» орталығында «Заң мен тәртіп – қоғамның дамуының негізі» тақырыбында аудандық форум өтті.

Жастар арасындағы құқықтық мәдениетті арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған форумға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен жастар қатысты.

Жиынды ашқан Диас Молдабаев заң үстемдігін қамтамасыз ету қоғамның ортақ міндеті екенін айтып, ауданда «Заң мен тәртіп» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Бүгінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ауданда түрлі бағытта 138 шара өткізілді.

Қазіргі таңда ауданда 14–35 жас аралығындағы жастар саны 15 мыңнан астам адамды құрайды. Субсидияланған жұмыс орындарына және тұрақты жұмыс орнына жолданғандардың 35,2 пайызы жастар. Бұдан бөлек «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру» жобасы аясында 99 грант беріліп, оның 25-ін жастар иеленген.

Форум барысында аудан прокуратурасының аға прокуроры Еркін Мусаев заң үстемдігін қамтамасыз етудегі прокуратура органдарының рөлі және аудандағы ахуал туралы баяндама жасаса, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Оспан Ешжанов құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

Форум соңында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, көтерілген мәселелер бойынша заң аясында нақты жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1126835?lang=kk