«Текелі қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасында Ашық есік күні: жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру»

«Текелі қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасында Ашық есік күні: жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру»

17.12.2025 15:50:56 134

Текелі қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасында азаматтар мен бизнес өкілдері үшін «Ашық есік күні» өткізілді. Іс-шара барысында жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттары түсіндірілді. Қатысушыларға 2026 жылдан бастап күшіне енетін салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы ақпарат берілді. Әсіресе қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және жеке табыс салығы салаларындағы жаңашылдықтарға ерекше назар аударылды.

Кәсіпкерлер салық рәсімдерін оңайлату шаралары, шағын және орта бизнеске арналған жаңа мүмкіндіктер, сондай-ақ бизнесті жүргізу үшін әкімшілік жүктемені азайтуға және қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған қадамдар туралы жан-жақты түсіндірмелер алды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1127116?lang=kk