16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

17.12.2025 16:00:41 176

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шын жүректен құттықтаймын!

Баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіз жемісті болуын тілеймін. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегіңізбен Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін!

Еліміздің Көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!

Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!

Ізгі тілекпен, Баянды ауылының әкімі Қадырбек Құдайбайұлы!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1127158?lang=kk