Машина жасау – өсу көрсеткіштерін бастап тұр: өңдеу өнеркәсібі 5,9%-ға өсті

Машина жасау – өсу көрсеткіштерін бастап тұр: өңдеу өнеркәсібі 5,9%-ға өсті

17.12.2025 16:10:50 188

Президенттің экономиканы әртараптандыру және отандық өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру айтарлықтай нәтиже беруде. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

11 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 5,9% жалпы өсім көрсетті. Кіші салаларға бөлгенде машина жасау секторы сөзсіз көшбасшы болып отыр, онда өндіріс көлемі 11,6%-ға өсті. Басқа да негізгі секторларда оң динамика бар: азық – түлік өндірісі 8,7%-ға, химия өнеркәсібі 8,1%-ға, ал мұнай өңдеу 6,5%-ға өсті.

«Бұл салалардағы инвестициялар мен өндірістің өсуі ауқымды мемлекеттік қолдаумен тікелей байланысты. Тек "Бәйтерек" холдингі тарапының өзінен осы кезеңде басым бағыттарды қаржыландыру көлемі 8 трлн теңгеден асты», — деп атап өтті Серік Жұманғарин. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1127174?lang=kk