"Заң және тәртіп" акциясы Парыгино ауылының тұрғындарымен кездесу.
19.12.2025 10:51:23 140
2025 жылғы 18 желтоқсанда "Заң және тәртіп" акциясы аясында Парыгино ауылының Мәдениет үйінде Алтай ауданы прокуратурасының аға прокуроры Е.С. Канафин, Алтай ауданы полиция бастығының орынбасары Д.К. Даиров, Алтай ауданының Қоғамдық қауіпсіздік бастығы А.Б. Жылкайдаровпен халыққа әлеуметтік тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету алкоголь өнімдерін сату кезіндегі заңнама талаптары, аумақты абаттандыру ережелері тақырыбында және басқа да өзекті мәселелер брйынша халықпен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында қолданыстағы нормалар, оларды бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары бойынша түсініктемелер, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ұсыныстар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-parygin/press/news/details/1128574?lang=kk