Әскери-теңіз күштерінде К-1 курстық тапсырмасын орындау басталды

Әскери-теңіз күштерінде К-1 курстық тапсырмасын орындау басталды

20.12.2025 11:00:22 211

К-1 – бұл әскери кеменің экипажы алғашқы кезеңде орындайтын негізгі оқу-тәжірибелік тапсырма.

Бұған дейін матростар әскери-теңіз базасындағы оқу орталығында теориялық және практикалық дайындықтан өтті. Оқудың алғашқы күндерінен бастап оқу-жаттығу кешенінің нұсқаушылары олардың кәсіби дамуын мұқият қадағалады. Тапсырмалар заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған және нақты апаттық жағдайларды имитациялайтын «өрт полигоны» мен «су бассейні» кешендерінде орындалды.

Нұсқаушылардың бақылауынша, әр жаңа шақырылымның өз ерекшеліктері бар. Яғни, олардың бойында күш-қуат дайындық деңгейі, төзімділік, шеберлік пен реакция жылдамдығында айырмашылықтар кездеседі. Сондықтан нұсқаушылар жеке құрамның сауатты, үйлесімді, әрі сенімді жұмыс істеуіне барынша күш салды. Сонымен қатар, кіші командирлердің де рөліне ерекше назар аударылды.

– Оқу орталығында олар апаттық-құтқару құрал-жабдықтарымен танысып, төтенше жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою бойынша әрекет ету алгоритмдерін үйренді. Сондықтан олар жауынгерлік кемелерге қалыптасқан және дайындалған мамандар ретінде келіп, күрделі әрі экстремалды жағдайларда сенімді әрекет ете алатындарын көрсетті, – деді кемелердің тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі оқу-жаттығу станциясының бастығы капитан-лейтенант Самат Мамушев.

К-1 курстық тапсырмасының негізгі элементтерінің бірі – кеменің тіршілігі үшін күрес. Оны орындау үшін корпусқа зақым келтірілгендей жағдай жасалады. Тар бөлмеде, су жылдам кіріп жатқан жағдайда апаттық топ мүмкіндігінше қысқа мерзімде тесіктерді бітейді.

К-1 курстық тапсырмасының негізгі мақсаты – жеке құрамның кәсіби дайындығын жетілдіру, экипаждың үйлесімді әрекетін дамыту, кез келген экстремалды жағдайларда жылдам, әрі сауатты әрекет етуге дайындығын қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1129386?lang=kk