Қазақстан балалардың құқықтарын қорғау және әл-ауқатын арттыру бойынша ОДМ-ға қол жеткізуде ілгерілеу көрсетуде

Қазақстан балалардың құқықтарын қорғау және әл-ауқатын арттыру бойынша ОДМ-ға қол жеткізуде ілгерілеу көрсетуде

23.12.2025 08:30:38 186

ЮНИСЕФ пен Ұлттық статистика бюросы бірлесіп ұйымдастырған жұмыс тобының көшпелі отырысы аясында балалардың жағдайына қатысты негізгі индикаторлар мен бала құқықтарын қорғау саласындағы деректер жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

Талқылау барысында соңғы он жылда Қазақстанда балаларды тәрбиелеудің физикалық әдістерінің қолданылу деңгейі 52 пайыздан 37 пайызға дейін төмендегені атап өтілді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарованың айтуынша, қол жеткізілген бұл ілгерілеу БҰҰ-ның балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғауға бағытталған Орнықты даму мақсаттарын жүйелі түрде іске асырудың нәтижесі болып табылады.

Білім беру, денсаулық сақтау және өскелең ұрпақты әлеуметтік қорғау салаларына салынатын инвестициялар елдің адами капиталын қалыптастырып, орнықты дамудың негізгі факторы екені ерекше атап өтілді.

Өз сөзінде Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілінің орынбасары Рамиз Бехбудов диалог алаңын ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы үшін Ұлттық экономика министрлігіне және Ұлттық статистика бюросына алғысын білдіріп, Орнықты даму мақсаттарын іске асыру аясында алдағы уақытта да нәтижелі ынтымақтастық жалғасады деген үмітін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1130291?lang=kk