Кепілдік беру қорлары отандық бизнеске 448 млрд теңгеге қолдау білдірді

Кепілдік беру қорлары отандық бизнеске 448 млрд теңгеге қолдау білдірді

23.12.2025 11:30:45 174

Кепілдік берудің жаңа тетіктері банктердің қаражатын экономиканың нақты секторына бұруға мүмкіндік берді

Мемлекет басшысының экономиканың нақты секторына банк қаражатын тарту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде «Даму» қорының базасында екі мамандандырылған кепілдік беру қоры құрылды. Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин олардың қалай жүзеге асып жатқаны туралы баяндап берді.

Оның айтуынша, жаңа құралдар бизнестің басты проблемасы – кепілге қоятын затының жетіспеушілігін тиімді шешеді:

Бірінші қор (ШОБ-қа арналған): бүгінде 2,4 мыңнан астам жобаны қамтып, олаға қарыз сомасының 85%-ы көлемінде кепілдік берді. Бұл кәсіпкерлерге жалпы сомасы 424 млрд теңге көлемінде несие алуға мүмкіндік туғызды.

Екінші қор (ірі инвестициялық жобалаға арналған): 7 млрд теңгеден асатын қарыздарға бағдарланған. Бүгінгі таңда сомасы 24 млрд теңге болатын екі жобаға қолдау көрсетілді. Мемлекет 15 жылға дейінгі мерзімге жоба құнынының 30%-ына дейін жаба отырып, банктерді өз қаражатын ұзақ мерзімді индустриальды және инфрақұрылымдық жобаларға бағыттауға ынталандырады.

«Біздің мақсатымыз – технологиялық жаңару арқылы экономика құрылымын өзгерту. Кепілдік беру қорлары қазірдің өзінде-ақ бизнестің қолындағы кепілге қоятын заттары жеткіліксіз болса да капиталға қол жеткізуді қамтамасыз ететін пәрменді құралға айналды», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Вице-премьердің ақпараты бойынша, процестерді автоматтандыру және портфельдік әдісті қолдану арқасында өтінімдерді қарау мерзімі 2 жұмыс күніне дейін қысқартылған, бұл мемлекеттік қолдауды барынша қолжетімді ете түседі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1130493?lang=kk