Орнықты даму мақсаттары қабылданған соңғы он жыл ішінде көптеген бағыт бойынша оң динамика байқалып отыр
24.12.2025 18:21:34 150
Орнықты дамудың стратегиялық мақсаттарын жергілікті деңгейге бейімдеу Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі қолданыста. Осы жүйеге сәйкес Орнықты даму мақсаттарының ұлттық индикаторлары бағдарламалық және стратегиялық жоспарлау құжаттарына, соның ішінде өңірлік құжаттарға локализациялау арқылы енгізіліп жатыр. ҚР ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев ОКҚ алаңында осылай деді.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің талдауы бойынша, олардың шамамен 94,2%-ы мемлекеттік органдардың Даму жоспарларына енгізілген, ал облыстардың даму жоспарларында өңірлер үшін өзекті индикаторларды қамту деңгейі 100%-ды құрайды.
«Орнықты даму мақсаттары қабылданған соңғы он жыл ішінде көптеген бағыт бойынша оң динамика байқалып отыр. Мысалы, Мектепке дейінгі біліммен қамту 2015 жылы 53,8% болса, 2024 жылы 95,9%-ға жетті. Өз кезегінде, Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу көрсеткіштерін жақсарту стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара тығыз байланысын қамтамасыз етуді талап етеді», – деді спикер.
Осылайша, стратегиялық құжаттарға енгізілген Орнықты даму мақсаттарының ұлттық индикаторлары бюджеттік бағдарламалармен тікелей байланысты. Бұл өз кезегінде олардың практикалық іске асырылуын қамтамасыз ететін қажетті қаржыландыру көзделгенін білдіреді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1131565?lang=kk