Зейнетақы активтерін басқарудың жаңа мүмкіндіктері: нәтижеге бағытталған инвестициялар
25.12.2025 09:10:24 199
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) қызметінің тиімділігін объективті бағалауды қамтамасыз ету үшін кірістілік пен тәуекел деңгейіне байланысты Ki композиттік индекстері негізінде бағалау жүйесі енгізілетін болады.
Композиттік индекс – жаһандық экономикалық тенденцияларды, сондай-ақ капитал нарығындағы жағдайларды ескере отырып, ИПБ жұмысының нәтижелерін объективті бағалауды қамтамасыз ететін ұлттық және әлемдік қор нарықтарының индекстерін қамтитын бенчмарк түрі. Осы индекстердің динамикасын ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері (ЗА) портфелінің кірістілігімен салыстыру басқарушы компанияның нарықтық конъюнктурадан қаншалықты озық немесе артта қалғанын бағалауға мүмкіндік береді. Бенчмарк – жеке басқарушылардың тиімділігін салыстырып, нәтижелерін бағалау үшін қолданылатын эталондық көрсеткіш немесе бағдар.
Бүгінгі таңда БЖЗҚ бес ИПБ-мен ЗА сенімгерлік басқару туралы шарт жасасқан. ИПБ-лардың қолданыстағы тәсілі шеңберінде белгіленген нормативтер, заңнама талаптары сақталатынын және зейнетақы активтерінің орташа табыстылығы негізінде есептелген ең төменгі деңгейден төмен емес кірістілік көрсеткіштерін қамтамасыз ететінін атап өткен жөн. ИПБ басқаруына берілген зейнетақы қаражаты көлемінің ұдайы өсуі байқалады. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 107,3 млрд теңгені құрады. Бұл ретте ИПБ активтерінің көпшілігі консервативті инвестициялау стратегиясына сәйкес келетін облигациялар мен мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестицияланады. Қолданыстағы тәсіл зейнетақы активтерінің ең көп мөлшеріне ие ИПБ басқаруындағы орташа алынған кірісті қалыптастыруға айтарлықтай әсер етіп, нәтижесінде басқарушылардың инвестициялық мүмкіндіктерін белгілі бір дәрежеде шектейтіндігіне әкеледі.
Басқа ИПБ кірістілігіне тәуелді емес, әлемдік және жергілікті нарықтардағы жағдайды көрсететін танылған бенчмарк негізінде басқару тәсілін енгізу ИПБ-ға объективті бағдарларға сүйенуге және зейнетақы активтерін инвестициялаудың ең жақсы нәтижелеріне ұмтылуға мүмкіндік береді.
Инвестициялық стратегияларды қалыптастырудың және инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтудің жаңа ережелері
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ИПБ-лар инвестициялық стратегияларға арналған портфельді композиттік индекстер негізінде таңдайтын болады. Эталондық портфель инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін қаржы құралдарының жиынтығынан тұрады. Эталондық портфельдің кірістілігі зейнетақы активтерін басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Композиттік бенчмарк жетекші әлемдік қаржы компаниялары әзірлеген және қадағалайтын индекстерді, сондай-ақ инвестициялау стратегиясына байланысты белгілі бір пропорцияларда "Қазақстан қор биржасы" АҚ индекстерін қамтиды.
Әр ИПБ, бұрынғыдай, активтерді бір инвестициялық стратегия шеңберінде басқарады – ИПБ-ға стратегиялардың бірнеше нұсқалары арасынан таңдау жасау көзделмеген. Алайда, ИПБ-лардың инвестициялық стратегиялары тәуекел деңгейіне, күтілетін кіріске және инвестициялау мерзіміне байланысты әртүрлі болады. Осыны негізге ала отырып, ИПБ салымшыларға зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде үш инвестициялық портфельдің бірін ұсына алады:
- Салымшыларға арналған Кі (12) портфелі, зейнеткерлікке шыққанға дейінгі қалған мерзімге тәуелсіз. Ең төменгі кірістілік 12 айдың қорытындысы бойынша айқындалады және тиісті композиттік индекстің номиналды кірістілігінің кемінде 95% құрауы тиіс.
Кі (12) инвестициялық портфелі үшін төмендегі индекстер эталондық портфель болып табылады:
10% - KASE индексі[1];
60% - KZGB_DPs индексі[2]
10% - MSCI ACWI индексі[3]
20% - Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD индексі[4] .
- Зейнеткерлікке кемінде 3 жылдан кейін шығатын салымшыларға арналған Кі (36) портфелі. Ең төменгі кірістілік 36 айдың қорытындысы бойынша есептеледі және композиттік индекстің номиналды кірістілігінің 90% - нан төмен болмауы керек.
Кі (36) инвестициялық портфелі үшін төмендегі индекстер эталондық портфель болып табылады:
20% - KASE индексі
20% - KZGB_DPs индексі
40% - MSCI ACWI индексі
20% - Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD индексі.
- Зейнеткерлікке шыққанға дейін 13 жылдан аса уақыт бар салымшыларға арналған Кі (60) портфелі. Ең төменгі кірістілік 60 айдың қорытындысы бойынша анықталады және композиттік индекстің номиналды кірістілігінің 85% -нан төмен болмауы керек.
Кi (60) инвестициялық портфелі үшін төмендегі индекстер эталондық портфель болып табылады:
20% - KASE индексі
10% - KZGB_DPs индексі
60% - MSCI ACWI индексі
10% - Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD индексі.
Бұдан басқа, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтері (ЗА) есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі кеңейтіледі және тәуекелдердің жаңа нормативтері белгіленеді. Осылайша, ИПБ таңдаған бенчмарк негізіндегі инвестициялық портфельдің құрылымындағы құралдар түрлері бойынша әртүрлі болады және әр ИПБ өзінің инвестициялық мақсаттарын тәуекел мен кірістілік арақатынасына байланысты айқындайды.
[1]индекстің жасалған күнгі өкілдік тізіміне кіретін акциялардың нарықтық бағаларының еркін айналымдағы акцияларды ескере отырып, капиталдандыру бойынша мөлшерленген осы тізімдегі акциялардың белгілі бір күнгі бағаларына қатынасы болып табылатын индекс
2 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің индекстелмеген мемлекеттік бағалы қағаздары құнының өтеу мерзімі 1 жылға дейінгі өзгерісін көрсететін есептелген купондық сыйақыны және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, жиынтық табыс индексі
3 индекс дамыған (РР) және дамушы (РР) нарықтық экономикасы бар елдердегі жоғары және орташа капиталдандырылған компанияларды қамтиды (акциялар саласындағы барлық әлемдік инвестициялық мүмкіндіктердің шамамен 85%) https://www.msci.com/indexes/index/892400
4 көптеген валюта нарықтарында ұсынылған инвестициялық деңгейдегі жаһандық қарыздың флагмандық индексіне дамыған және дамушы нарықтардың эмитенттерінің тұрақты мөлшерлемесі бар Қазынашылық, Мемлекеттік, корпоративтік және секьюритилендірілген облигациялары кіреді
[1]индекстің жасалған күнгі өкілдік тізіміне кіретін акциялардың нарықтық бағаларының еркін айналымдағы акцияларды ескере отырып, капиталдандыру бойынша мөлшерленген осы тізімдегі акциялардың белгілі бір күнгі бағаларына қатынасы болып табылатын индекс
2 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің индекстелмеген мемлекеттік бағалы қағаздары құнының өтеу мерзімі 1 жылға дейінгі өзгерісін көрсететін есептелген купондық сыйақыны және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, жиынтық табыс индексі
3 индекс дамыған (РР) және дамушы (РР) нарықтық экономикасы бар елдердегі жоғары және орташа капиталдандырылған компанияларды қамтиды (акциялар саласындағы барлық әлемдік инвестициялық мүмкіндіктердің шамамен 85%) https://www.msci.com/indexes/index/892400
4 көптеген валюта нарықтарында ұсынылған инвестициялық деңгейдегі жаһандық қарыздың флагмандық индексіне дамыған және дамушы нарықтардың эмитенттерінің тұрақты мөлшерлемесі бар Қазынашылық, Мемлекеттік, корпоративтік және секьюритилендірілген облигациялары кіреді
Салымшылар белгілі бір ИПБ ұсынатын стратегияны өздері үшін рұқсат етілген тәуекел деңгейі мен зейнеткерлік жасқа жақындау мерзімдері бойынша белгіленген шектеулерді ескере отырып таңдайды. Жинақтың бір бөлігін таңдалған стратегияға сәйкес ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру – инвестициялау тәжірибесін қалыптастырып, оның нәтижелерін талдау бойынша таптырмас мүмкіндік.
Теріс айырмашылықты өтеу механизмі
Зейнетақы активтерінің кірістілігі белгіленген ең төменгі деңгейден (композиттік эталоннан) төмен болған жағдайда, ИПБ теріс айырма сомасын меншікті капитал есебінен өтеуге тиіс. Өтеу басқарушы компания, кастодиан-банк және БЖЗҚ арасындағы салыстыру актісі негізінде жүргізіледі.
Заңнамадағы жаңашылдықтар да БЖЗҚ мен ИПБ арасындағы шарттарды төмендегі жағдайлар негізінде бұзу мүмкіндігін көздейді:
- ИПБ бастамасы бойынша ЗА сенімгерлік басқару туралы шарт осы Шарт жасалған күннен бастап бір толық күнтізбелік жыл өткен соң бұзылуы мүмкін;
- ИПБ уәкілетті органды, БЖЗҚ-ны және ЗА-ны есепке алу және сақтауды жүзеге асыратын кастодиан-банкті шарт бұзылған күнге дейін бір жылдан кешіктірмей хабардар етуге, сондай-ақ тиісті хабарландыруды корпоративтік сайтта орналастыруға міндетті;
- ИПБ өз міндеттемелерін орындағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде ЗА-ны қабылдау-тапсыру актісі негізінде БЖЗҚ-ның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі кастодиандық шотына қайтарады.
Осы нормалар сенімгерлік басқарушыларды ауыстыру кезінде салымшылар қаражатының ашықтығы мен сақталуын қамтамасыз етеді.
Осылайша, қабылданған жаңашылдықтар:
- ЗА-ның ұзақмерзімді кірістілігін көтеріп, сақталуын қамтамасыз етуге;
- ИПБ-лар арасындағы бәсекеге қабілетті ортаны дамытуға;
- салымшылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімдерін арттыруға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруына беру туралы өтінішті www.enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинетте, сондай-ақ БЖЗҚ кеңсесіне өзіңіз келіп өтініш жасау арқылы беруге болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1131879?lang=kk