ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЯСЫНДА 388 ОТБАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
25.12.2025 13:18:31 275
Шымкент қаласында жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбастарға көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Соңғы кезеңде табыс деңгейі төмен 388 отбасыға тұрғын үй сертификаттары берілді.
Бұл жоба әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге, өмір сүру сапасын жақсартуға және қаланың әлеуметтік тұрақтылығын арттыруға бағытталған. Әлеуметтік көмек аясында берілген сертификаттар отбасыларға өз үй жағдайын жақсартуға нақты мүмкіндік туғызып отыр.