📌Жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне және арнайы салық режимдеріндегі өзгерістерге байланысты, қазіргі уақытта:

📌Жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне және арнайы салық режимдеріндегі өзгерістерге байланысты, қазіргі уақытта:

25.12.2025 18:00:52 194
  •  •  оңайлатылған декларация негізінде,

     •  бөлшек салық режимінде,

     •  тіркелген шегерім қолданылатын режимде

     

    қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет.

     

    🗓 Мерзімдер

    Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану үшін хабарламаны 2026 жылғы 1 қаңтардан 1 наурызға дейін (өтпелі кезең) ұсыну қажет.

    Хабарламаны тапсырған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап осы режимді қолданушы болып есептеледі.

     

    📲 Хабарламаны беру жолдары (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап):

     •  Салық төлеушінің кабинеті (ИСНА) арқылы → «Құжаттарды тапсыру» → «Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама» (ЭЦҚ-мен);

     •  E-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы;

     •  ірі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;

     •  қағаз түрінде — орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына.

     

    🔔 Хабардар ету үшін Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа Салық төлеушінің кабинетіне қадамдық нұсқаулықпен бірге push-хабарлама жібереді.

     

    ⚠️ Маңызды

    Егер өтпелі кезеңде салық салу режимі таңдалмаса және хабарлама ұсынылмаса, жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне автоматты түрде көшіру мүмкін.

     

    📞 Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндіру көмегін, соның ішінде колл-орталықтар арқылы көрсетеді.

     

    Қиындықсыз көшу үшін оңтайлы салық режимін алдын ала таңдап, хабарламаны уақтылы ұсыну ұсынылады. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1132630?lang=kk