Алматыда Қызыл Крестпен ынтымақтастық перспективалары талқыланды
25.12.2025 19:50:48 243
2025 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Орталық Азиядағы Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары федерациясының Орталық Азия бойынша делегациясының Басшысы Севаль Гузелкилинчпен кездесу өткізді. Кездесу аясында тараптар денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау және табиғи апаттарға ден қою саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесу соңында тараптар белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға және гуманитарлық қауіпсіздік саласындағы жаңа жобаларды қолдауға келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1132737?lang=kk