2800 теңгеден бастап: Астанада ет жәрмеңкесі 5 күнге ұзартылды

2800 теңгеден бастап: Астанада ет жәрмеңкесі 5 күнге ұзартылды

26.12.2025 12:40:27 281
Астанада Әр сенбі-жексенбі күндері өтетін «Соғым Fest» ет жәрмеңкесі 27 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін 5 күнге ұзартылды.

Елордалықтар ет жәрмеңкесінен жаңа жылдық үстелге ең арзан ет өнімдерімен қоса ауылшаруашылық өнімдерін де сатып ала алады.
Жәрмеңкеге Ақмола, Түркістан, Павлодар, Абай және Қарағанды облысының шаруалары ет өнімдерін тікелей жеткізеді. Сәйкесінше баға әдәуір төмен болады. Мәселен жылқы еті келісіне 2800 теңгеден, сиыр еті 3000 теңгеден бастап, қой еті 3000-3200 теңге аралығында, қаздың еті келісіне 2500 теңгеден бастап саудаланады.

Ет жәрмеңкесі Алаш тас жолы, 35Б мекенжайындағы «Keryen Joly» сауда орталығының автотұрағында өтеді.  Картаға сілтеме - https://2gis.kz/astana/geo/70000001039704047/71.489403,51.206573 
 
Сонымен қатар аталған сауда орталығында осы күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де өтеді. Мұнда жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш пен кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдерді тиімді бағада сатып ала алады. Айта кету керек, картоп, пияз, сәбіз және жеміс-жидектер осы базарда ең төмен бағада сатылады.

Жәрмеңке таңғы 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1133105?lang=kk