2025 жылдың 25 желтоқсанында Меңдіқара ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

2025 жылдың 25 желтоқсанында Меңдіқара ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

29.12.2025 16:10:32 288

 Отырыста 2026 - 2028 жылдарға арналған аудан бюджетінің жобасы, сондай - ақ «Мектепке дейінгі білім беруін ұйымдастыру туралы» Меңдіқара ауданы білім бөлімінің есебі қарастырылды.

Бюджеттің жобасын Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Н.В. Тимашова ұсынды. Толық айтқанда     2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық бюджетін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің талаптары сақталды. Бюджет әлеуметтік бағытқа ие. Басым бағыттары сақталды, олар: жолдарды жөндеу, абаттандыру,  елді мекендерді жарықтандыру және тағы басқалар. Қоғамдық кеңестің мүшелері барлық қойылған сұрақтар бойынша нақты есептер алынды. Ауданның Қоғамдық кеңесі бюджеттің жобасы бойынша ескертулері, ұсыныстары мен өзгерістері жоқ. Бюджет аудандық мәслихаттың сессиясында қарастыру үшін ұсынылған.

Мектепке дейінгі білім беруін ұйымдастыру туралы аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі білім беру жөніндегі әдіскері А.М. Ғалиева баяндады. Кеңес мүшелері ауданда мектепке дейінгі білім беруін ұйымдастыруда оң теңденциясы байқалатынын атап өтті. Балабақшалармен қатар барлық мектептер жанында шағын орталықтар жұмыс істейді, толық күнге келумен, сондай - ақ толық емес келумен де бар. Білім бөлімінің деректері бойынша мектепке дейінгі білім берумен 3 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалардың қамтуы 100 пайыздық қамтылған. Тәрбиелеумен тәжірибелі педагогтар - тәрбиешілер айналысады. Тәрбиелік процессті ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасалған.

 Қарастырылатын сұрақты талқылау барысында Қоғамдық кеңестің мүшелері аудандық білім бөліміне мектепте балаларды дайындау сапасын көтеруге, мектепке дейінгі мекемелерде температуралық режимді сақтауға  назар аударды, шалғай елді мекендерінен шағын орталықтарға балаларды тасымалдауды ерекше бақылауда ұстау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1134253?lang=kk