Мемлекет микро және шағын бизнеске жаңа Салық кодексіне көшу кезеңінде салықтық әкімшілендіруді жеңілдетеді

Мемлекет микро және шағын бизнеске жаңа Салық кодексіне көшу кезеңінде салықтық әкімшілендіруді жеңілдетеді

29.12.2025 16:21:02 232

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңдерге қатысты салық міндеттемелерін жеңілдету енгізіледі.

Не өзгереді:
1️. Өткен жылдар бойынша тексерулер азаяды
• камеральды тексерулер (есептілікті автоматты бақылау) жүргізілмейді;
• сол кезеңдерге салықтық тексерулер тағайындалмайды.

Шектеулер:
Шаралар келесі жағдайларға қолданылмайды:
• 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін тапсырылған есептілік (соның ішінде 4-тоқсан және 2025 жылдың II жартыжылдық есептері);
• бейрезиденттермен байланысты міндеттемелер;
• қылмыстық істер және прокуратура талаптары;
• кәсіпкерлердің өз арыздары бойынша тексерулер.

2️. Сотқа жүгіну тоқтатылады
• 2026 жылға дейін жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талаптар берілмейді;
• 2026 жылға дейін жүргізілген бизнес тіркелімін немесе қайта тіркелімін жарамсыз деп тану туралы талаптар берілмейді.

3️. Қарапайым тәртіппен тарату
2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салық кезеңдері бойынша қызметті тоқтату камеральды бақылаусыз жүргізіледі.

4️. Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару.
Егер микро немесе шағын бизнес субъектісі 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепте тұрған салықтық берешекті (негізгі қарызды) 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында толық өтесе, онда оған:
- аталған берешек бойынша есептелген барлық өсімпұлдар;
- 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген салықтық айыппұлдар;
- бұрын төлеу мерзімдері өзгертілген салықтар мен төлемдер бойынша (оның ішінде оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде) есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар, 2026 жылғы 1 сәуірге дейін міндеттемелер толық орындалған жағдайда, есептен шығарылады.
Мұны білу маңызды: кешірім тек өсімпұлдар мен айыппұлдарға ғана қатысты — негізгі салық сомасы толық төленуі тиіс.

5️. Әкімшілік жауапкершілік
Микро және шағын бизнес әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды:
• 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі айналымдар бойынша міндетті ҚҚС тіркеу талаптарын орындамағаны үшін;
• 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңдер бойынша салық есептілігін тапсырмағаны үшін.

https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1134101?lang=ru

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1134255?lang=kk