Жаңа жыл қарсаңында – игі іс

Жаңа жыл қарсаңында – игі іс

29.12.2025 18:20:51 226

Жаңа жыл қарсаңында – игі іс
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мектебіміздің ұжымы атынан ауылымыздағы бір отбасыға қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – көмек қажет ететін жандарға қолдау көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлау.
Ұжым мүшелері бірлесе атсалысып, қамқорлық пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Осындай ізгі істер арқылы мейірімділік, адамгершілік құндылықтары дәріптеліп, жақсылық жасау дәстүрі жалғасын табуда.
Жаңа жыл әр отбасыға шаттық, береке мен үміт әкелсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-shaken/press/news/details/1134453?lang=kk