«Тәжен» өткізу пунктіне қатысты
29.12.2025 19:20:23 221
«Тәжен» өткізу пунктін жаңғырту оның нақты іс жүзінде жабылуынсыз жүргізілуде, өз кезегінде шекарадан жүк көлік құралдарының өтуі шектеусіз жүзеге асырылуда.
Бас мердігердің ақпараты бойынша қазіргі күні қарыздар мен жобаны қаржыландыруда ешқандай мәселелер туындаған жоқ.
Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасы көршілес жатқан «Дәут Ата» өткізу пунктін қайта жаңартуда, осыған байланысты жеке тұлғалардың, жеңіл автомобильдер мен жолаушылар автобустарының өтуі шектелген.
Қазіргі уақытта «Тәжен» өткізу пункті техникалық іске қосылды. Инспекциялық-тексеру кешендері, салмақ-габаритін өлшеу және өзге де жабдықтар орнатылып, бейтарап жолақ салынды.
Өткізу пунктінің өткізу қабілеттілігіне әсер етпейтін жұмыстар жалғасуда.
Қазірдің өзінде 2025 жылдың 11 айында «Тәжен» өткізу пунктінің өткізу қабілеті 130 мың АКҚ құрайды, бұл 2024 жылдың көрсеткіштерінен 22% - ға немесе 29 мың автокөлік құралына артқан (2022 жылы – 77 695 АКҚ).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1134521?lang=kk