Жыл қорытындысы мен алдағы міндеттер талқыланды
30.12.2025 17:20:50 206
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті мәжіліс өткізілді.
Жиында Үкімет басшысы мен облыс әкімімен өткен мәжілісте қаралған мәселелер бойынша жүктелген тапсырмалар аудан деңгейінде пысықталды. Атап айтқанда, 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысы бойынша міндеттер айтылды.
Аудан әкімі аймақ басшысы тарапынан берілген тапсырмалардың барлығы тиісті сала басшылары мен бөлімдер тарапынан орындалуы керектігін атап өтті. Осы ретте спорт саласын дамыту бағытында аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берілді.
Сонымен қатар мәжіліс барысында 2025 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы айтылды. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасқаны да сөз болды.
Алдағы Жаңа жыл мерекесіне дайындық мәселесі де күн тәртібінен тыс қалмады. Аудан әкімі мереке күндері қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстап, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан бөлек мерекелік іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету бағытында да жауапты сала басшыларына тапсырылды.
Мәжіліс соңында аудан әкімі жүктелген тапсырмалардың орындалуы жеке бақылауда болатынын ескертті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1135168?lang=kk