🔰ҚР ҚМ МКК қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша 300.00 декларациясын алдын ала толтыруға арналған пилоттық сервисті іске қосады.

🔰ҚР ҚМ МКК қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша 300.00 декларациясын алдын ала толтыруға арналған пилоттық сервисті іске қосады.

30.12.2025 18:21:13 289

🔹Сервис ҚҚС бойынша салық есептілігін дұрыс толтыруға алдын ала хабарлау және көмек көрсету үшін әзірленген. Қызметтің функционалдығы сіздің салық сомаңызды алдын-ала білуге, қателіктер санын азайтуға және ықтимал жағымсыз салдардың алдын алуға, соның ішінде камералдық бақылау туралы хабарламалар алуға және айыппұл салуға мүмкіндік береді.

 


🔹Декларацияны алдын ала толтыру электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін, салық төлеушілердің жеке шоттарын және тауарларға арналған декларацияны қоса алғанда, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде бар мәліметтер негізінде жүзеге асырылады. Бұл есептік көрсеткіштерді автоматты түрде қалыптастыруға және адам факторының әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

 


📍Сервис шеңберінде декларацияның 13 жолы автоматты түрде толтырылады, олар қажет болған жағдайда ұлғаю немесе кему жағына қарай дербес түзетілуі мүмкін.

 


✔️ҚҚС бойынша декларацияны алдын ала толтыру сервисі (300.00-нысан) 2025 жылғы 4 тоқсандағы міндеттемелер бойынша табыс етілген кезде салық төлеушілерге қолжетімді болады.

 


Қызмет пилоттық режимде іске қосылады. Оны жақсарту бойынша барлық ұсыныстар мен ескертулерді @icna_review_bot "ҚҚС бойынша декларацияны алдын ала толтыру қызметі (300.00-нысан)" телеграммасына жіберуге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1135273?lang=kk