2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халық бухгалтері» акциясы басталады

2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халық бухгалтері» акциясы басталады

30.12.2025 19:00:30 1682

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған «Халық бухгалтері» акциясын іске қосады. Акция аясында тегін консультациялық қолдау көрсетіледі.

 Өткізу мерзімі:

2026 жылғы 5 қаңтар – 30 маусым

 Кімдер үшін пайдалы:

Жеке кәсіпкерлер және шағын бизнес субъектілері

Нені алуға болады:

Төмендегі мәселелер бойынша түсінікті әрі практикалық түсіндірмелер: • бухгалтерлік есеп;

  • салықтық есептілік;
  • ақпараттық жүйелермен жұмыс.

 Жұмыс форматы:

Негізгі формат — қалалар мен облыс орталықтарындағы мемлекеттік кірістер басқармаларында офлайн қабылдау.

⏰ Консультациялар кестесі:

▪ 2026 жылғы қаңтар–ақпан — аптасына 3 рет (дс, ср, жм) сағат 10:00–13:00

▪ 2026 жылғы наурыздан бастап — аптасына 2 рет

Қабылдау орындары мекенжайы мен жұмыс кестесі көрсетілген «Халық бухгалтері» атты маңдайшалармен белгіленеді.

 Кімдер кеңес береді:

  • кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар;
  • бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері;
  • мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері.

 Географиясы:

  • Петропавл қаласында — Петропавл қ. бойынша МКБ ғимаратында, мекенжайы: Қ. Сүтюшева көшесі, 56 А;
  • аудандарда — аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының ғимараттарында.

➡ «Халық бухгалтері» — салық төлеушілерді бақылаудан сервистік сүйемелдеуге көшу жолындағы алғашқы қадам.

Алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алуға және консультациялық қолдауды күшейтуге бағытталған қосымша шаралар жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1139571?lang=kk