Жаңаөзен қаласында мәдениет және спорт саласының үздіктері марапатталды

Жаңаөзен қаласында мәдениет және спорт саласының үздіктері марапатталды

30.12.2025 19:30:21 215

25 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласында мәдениет пен спорт саласында жыл бойы жемісті еңбек еткен үздіктерді ұлықтауға арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара Кендірлі ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылды.

Салтанатты кешке Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Мұқаш Мақсат қатысып, мәдениет және спорт саласында жоғары нәтижеге қол жеткізген мамандарды марапаттады. Қала әкімінің атынан үздік атанған азаматтарға Алғыс хаттар мен арнайы марапаттар табысталды.

Марапаттау рәсімі барысында спорт саласының майталмандары – үздік қақпашы, шабуылшы, қорғаушы, ойыншы, жас спортшы, ардагер спортшы, жаттықтырушы, спорт жанашырлары мен өзге де номинация иелері құрметке бөленді. Сонымен қатар, мәдениет саласында еңбек етіп жүрген шығармашылық ұжымдар мен өнер иелері, сахна мамандары, ақындар, айтыскерлер, жүргізушілер мен жобалық бастамалар да лайықты бағаланды.

Кеш барысында өнерпаздар тарапынан концерттік бағдарлама ұсынылып, ән мен биден шашу шашылды. «Айназ» би тобының өнері мен жергілікті әншілердің орындауындағы музыкалық нөмірлер кештің сәнін арттырды.

Іс-шара соңында марапат иелеріне алғыс білдіріліп, алдағы уақытта да мәдениет пен спорт саласының дамуына үлес қоса берулеріне тілектестік білдірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1135357?lang=kk