Такси қызметін жүзеге асыратын азаматтардың назарына!

Такси қызметін жүзеге асыратын азаматтардың назарына!

31.12.2025 10:20:55 166

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап патент негізіндегі және мобильді қосымшаны пайдалану арқылы қолданылған арнайы салық режимінің күшін жоятыны туралы хабарлайды. Оның орнына жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ қолдануға болатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа арнайы салық режимі енгізіледі.

Өзін - өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа режимнің артықшылықтары: салықтық есептілік пен табыс салығы жоқ; тек 4% мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төленеді; «E - Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы жұмыс жүргізіледі, бақылау-кассалық машиналарды қолдану талап етілмейді.

Бұл ретте режимді қолданудың басталу күні «E - Salyq Business» мобильді қосымшасында түбіртектер қалыптастырылған ай болып табылады. Салықтар мен әлеуметтік төлемдер есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін төленуі тиіс.

Интернет - платформалар арқылы жұмыс істейтін такси жүргізушілері мен басқа да өзін - өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар үшін әлеуметтік төлемдерді платформа операторы ұстап, төлейді.

2025 жылы патент негізіндегі немесе арнайы мобильді қосымшаны қолдану арқылы арнайы салық режимін қолданған, сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режимін қолдануды жоспарлаған тұлғалар жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден өз бетінше шығуы қажет.

Қосымша ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетінің бірыңғай Байланыс орталығынан келесі телефон нөмірлері арқылы алуға болады:

 +7 705 956 53 88
 8 (7172) 735 515

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1135554?lang=kk