🎄 Бесқарағай ауданында аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті 🎄
31.12.2025 11:50:42 219
Бесқарағай ауданында балаларға арналған дәстүрлі аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы ұйымдастырылды. Мерекелік шараға ауданның түкпір-түкпірінен келген балалар қатысып, көтеріңкі көңіл-күй мен ертегі әлеміне бөленді. Шара барысында театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, ән-күй мен би орындалды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ділдар Қалиқанұлы және аудандық білім бөлімінің басшысы Медет Кәдірбекұлы балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға арнайы сыйлықтар табыстады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1135708?lang=kk