ЭСФ ақпараттық жүйесіне жаңа функцияларды енгізу туралы
31.12.2025 13:30:30 291
Құрметті есепке алу жүйелерінің әзірлеушілері және салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің өзгерістерін іске асыру шеңберінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесіне жаңа функциялар енгізіледі.
Аталған өзгерістер мыналарды қамтиды:
- Резидент емес тұлға үшін ЭШФ жазып беру
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру шеңберінде, егер жұмыстар мен қызметтерді резидент емес тұлғадан сатып алу кезінде оларды өткізу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып танылса, ҚҚС төлеуші салық төлеуші резидент емес тұлға үшін электрондық шот-фактура жазып беруге міндетті.
- ҚҚС сомаларын есепке жатқызу
Функционал Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің алынған электрондық шот-фактуралар бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызу тәртібін реттейтін нормаларына сәйкес іске асырылды.
ЭШФ ақпараттық жүйесінде ҚҚС-ты есепке жатқызу функционалы енгізілді.
- Түзетілген, қосымша және кері қайтарылған ЭШФ-ты алушының растауы
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру шеңберінде ЭСФ ақпараттық жүйесінде алушы тарапынан электрондық шот-фактураны растау механизмі енгізілді.
ҚҚС төлеуші болып табылатын алушы ЭШФ-ты жазып беруді, сондай-ақ ЭШФ-ты кері қайтаруды растауға немесе қабылдамауға міндетті.
Бұл ретте ҚҚС төлеуші болып табылмайтын тұлғалар үшін түзетілген, қосымша және кері қайтарылған ЭШФ-ты 10 күнтізбелік күн ішінде қабылдамаудың қолданыстағы тәртібі сақталады.
- ЭШФ бланкісіне 9-өрісті қосу
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру шеңберінде ЭШФ бланкісіне өзгерістер енгізіліп, «В. Жеткізушінің деректемелері» бөліміне 9-өріс – «ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған күні» қосылды.
- ОЖА, ТІЖ, ЭШ және ЭШФ бланкілеріне ҚҚС-тың 5% және 10% мөлшерлемелерін қосу
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру шеңберінде «ҚҚС мөлшерлемесі» бағаны жаңа мөлшерлемелермен толықтырылды (ТІЖ, ЭШФ, ОЖА және ЭШ бланкілерінде).
Аталған процестер туралы толығырақ ақпаратты тиісті сілтеме арқылы алуға болады https://kgd.gov.kz/ru/content/dokumenty-po-esf-1
Әзірлеушілерге арналған жинақ (жаңартылған SDK) Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында жүктеуге қолжетімді:
https://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-elektronnye-scheta-faktury-1
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштасына немесе +7 (7172) 72-51-61 телефон нөмірі арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1135842?lang=kk