Республикалық мағынадағы «AQMOLA» индустриалдық аймағына жұмыс сапары
31.12.2025 16:30:40 199
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдин Аршалы ауданына жұмыс барысымен республикалық мағынадағы «AQMOLA» индустриалдық аймағында болды. Осы индустриалдық аймақты дамыту аясында жалпы көлемінде 1 трлн. 124 млрд. теңге инвестициясымен 7 ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жоспарланған. Құрылыс аяқталғанда 4 500 тұрақты жұмыс орындары құрылу жоспарлануда, жергілікті бюджетке 1,2 млрд.теңге көлемінде жыл сайын салықтар мен төлемдер түсуі күтілуде.
Іссапар барысында құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, салық органдарымен өзара іс-әрекеттесу және индустриалдық аймақ аумағында бизнесті жүргізу жағдайлары жөніндегі мәселелер талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1135948?lang=kk