Риядта өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері талқыланды
04.01.2026 20:10:26 714
Рияд, 2026 жылғы 4 қаңтар – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Бандар Әл-Хорайефпен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында өнеркәсіп және тау-кен металлургия кешені салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің елеулі әлеуетін атап өтіп, экономиканың басым секторларындағы әріптестікті тереңдетуге өзара мүдделілік танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жандандыруға келісті және ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1136258?lang=kk