Церебральды сал ауруы және басқа аурулары бар пациенттер үшін медициналық көмектің кепілдігі сақталады
05.01.2026 15:40:28 1030
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі базалық мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл тұрғыда әлеуметтік мәні бар аурулар мен динамикалық бақылауға жататын аурулардың тізбелері өзектендірілді.
Біріншіден, әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі инсульттан кейінгі жіті жағдайлармен толықтырылды (1 жыл бойы). Бұл көмектің сабақтастығын және медициналық оңалтудың ерте басталуын қамтамасыз етеді. МӘМС енгізілуімен халық үшін КТ және МРТ сияқты жоғары технологиялық зерттеулердің қолжетімділігі айтарлықтай артқанын атап өтемін.
Екіншіден, қаржыландыруды оңтайландыру және қайталануды болдырмау мақсатында 4 ауру – балалардың церебральды сал ауруы, ревматизм, дәнекер тінінің жүйелі зақымдануы және қант диабеті – МӘМС жүйесі арқылы қаржыландыру үшін ДБЖА тізбесіне ауыстырылды.
Бұл медициналық көмектің қысқаруына әкелмейтін әкімшілік шара екенін айта кеткен жөн. Іс – шаралардың барлық кешені – диагностика, емдеу, динамикалық бақылау және медициналық оңалту-медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың қолданыстағы клиникалық хаттамалары мен стандарттарына сәйкес толық көлемде жүзеге асырылатын болады.
Үшіншіден, бұл шешімді қабылдау кезінде біз әлеуметтік аспектілерді ескердік. Церебральды сал ауруы және 1 типтік қант диабеті сияқты аурулар балалық шақта пайда болады. Балалар сақтандыру сыйлықақыларын мемлекет төлейтін жеңілдік санатына жатады. Кәмелетке толған және осы пациенттер үшін мүгедектік расталған кезде мемлекет МӘМС жүйесіне жарналарды жүзеге асыруды жалғастырады, бұл медициналық көмектің өмір бойы қолжетімділігінің сақталуына кепілдік береді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда БЦА бар 27 932 пациент бар, оның 99%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған.
Қант диабетімен есепте тұрғандардың жалпы санының 95%-ды құрайтын 2 типтік ҚД ауруына келетін болсақ, медициналық көмектің көлемі (дәрі – дәрмекпен қамтамасыз ету, динамикалық бақылау, тәулік бойы, күндізгі стационарлар, медициналық оңалту) өзгермейді, бәрі бұрынғысынша қалады, тек қаржыландыру көзі ғана өзгереді (МӘМС). Бұл ретте, диспансерлік пациенттердің 96%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған.
ҚД мыңдаған қазақстандықтардың өмір сүру сапасына әсер ететін аурулардың бірі ретінде мемлекеттің ерекше бақылауында қалады. Бірақ сонымен бірге, бұл ауру басқарылады, мұнда пациенттің рөлі өмір салтын өзгерту, жаман әдеттерді жою бөлігінде өте жоғары.
Азаматтардың сақтандыру жауапкершілігі мәселесіне ерекше назар аударғым келеді. Сақтандыру мәртебесі толыққанды медициналық көмек алудың негізгі шарты болып қала береді.
Мысалы, сақтандыру жарналарының орташа мөлшері айына 51 мың теңгеге жуық болғанда МӘМС жүйесі консультациялық-диагностикалық қызметтер мен дәрілік препараттарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді, олардың құны 2 типтік қант диабетін емдеу жағдайында 600 мыңнан 6,5 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл сақтандыру моделінің тиімділігін және МӘМС жүйесіне қатысудың маңыздылығын көрнекі растау.
Осылайша, БЦА және басқа да созылмалы аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсетудің барлық кепілдіктері МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі сақталған жағдайда толық көлемде сақталады.
Медициналық көмектің көлемі жөніндегі мәселеге қатысты мынаны хабарлаймын: пациенттерге медициналық көмек көрсетудің көлемі мен шарттары өзгеріссіз қалады. Амбулаториялық бақылау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық оңалту, стационарлық көмек (күндізгі және тәулік бойғы стационарлар) қоса алғанда, медициналық көмектің барлық кешені толық көлемде сақталды.
Денсаулық сақтау министрлігі мынаны ерекше атап көрсетеді: МӘМС пакетіне ауыстырылған аурулары бар пациенттер үшін медициналық көмек, сондай-ақ қаржыландыру көлемі қысқармайды.
Бұл ретте сақтандыру мәртебесінің маңыздылығына ерекше назар аударғым келеді. Жұмыссыздарды қоса алғанда, экономиканың ресми секторында жұмыс істемейтін азаматтар үшін мемлекеттік қолдау тетігі көзделген. Мұндай жағдайда жұмыссыз ретінде тіркеліп, тиісті жеңілдікті мәртебе алу қажет.
Осыдан кейін МӘМС жүйесіне сақтандыру жарналары жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады, бұл 1 млн. астам азаматты міндетті сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық көмектің барлық түрлеріне толық қол жеткізуге кепілдік береді.
Осылайша, медициналық көмектің бірыңғай пакетіне ауыса отырып, консультациялық-диагностикалық қызметтердің барлық түрлеріне қолжетімділік, негізгі ауруды да, қосалқы патологияларды да емдеуді қоса алғанда, тәулік бойы және күндізгі стационарда емдеуді қамту, оңалту қызметтерін көрсетуді кеңейту ұлғаяды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1136662?lang=kk