ӘЛЕУМЕТТІК АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ – БАҚЫЛАУДА

ӘЛЕУМЕТТІК АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ – БАҚЫЛАУДА

05.01.2026 15:40:24 996

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары басты назарда тұр. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, құзырлы мекемелер тарапынан бұл бағытта қаладағы сауда орындарындағы баға динамикасына мониторинг жүргізілді.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мамандары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесінің ұлғаюына байланыст тиісті ақпаратты кәсіпкерлер назарына жеткізіп, бағаны негізсіз өсірмеу жөнінде түсіндірді.

Мұндай жұмыстар Қаратау ауданында да жүргізілуде.

Аудан аумағында 253 дүкенге мониторинг жүргізіліп, 29 дүкенде баға үстемақысы 15 пайыздан асқаны анықталды. Нәтижесінде 10 дүкен иесіне ескерту беріліп, 13 дүкенге қатысты айыппұл салынды. 6 дүкен бойынша шара қабылдануда.