Алжирдің Коммуникация министрі Қазақстан Президентінің сұхбатына қызығушылық танытты
06.01.2026 08:30:44 1172
АЛЖИР, 5 қаңтар 2025 ж. – ҚР Алжирдегі Елшісі Әнуарбек Ахметов мемлекеттік ақпараттық саясатты, БАҚ жұмысын және елдің идеологиялық векторын ілгерілету мәселелерін қадағалайтын Алжирдің Коммуникация министрі Зохаир Буамамамен келіссөздерін жүргізді. Кездесу барысында Алжирдің министрі Қазақстан Президентінің сұхбатымен таныстырылып, Мемлекет басшысының егемендікті, патриотизмді және азаматтардың әл-ауқатын нығайтуға бағытталған ішкі саяси реформалары мен бастамаларына жоғары баға берді.
Тараптар елдердің сыртқы саяси ведомстволары арқылы, сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен АХДР Коммуникация министрлігі арасындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын және елдердің әлемдік аренада оң имиджін ілгерілету бойынша ықтимал тәжірибе алмасуды егжей-тегжейлі талқылады.
Ә.Ахметов Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатының мәтінін еліміздің идеологиялық және ақпараттық іргетас құрудағы жетістіктері мен бастамаларымен танысуға аса қызығушылық танытқан министрі З.Буамамаға жеткізді.
З.Буамама бұл сұхбаттың негізгі мазмұны, Қазақстан жүргізіп жатқан реформалар мен жетістіктер Алжирдің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарында атап өтілетініне сендірді.
Сонымен қатар, сұхбаттасушыға оқу және тәжірибеде пайдалану үшін ҚР ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарының аудармасы ұсынылды. Құжат алжирлік министрдің үлкен қызығушылығын тудырды, ол Қазақстан басшылығының тыңғылықты көзқарасын жоғары бағалады.
Алжирлік министр Қазақстанның тәжірибесін мұқият зерделеуге кірісе отырып, еліміздің басшылығының өзінің сыртқы және ішкі саясатын, әсіресе, бұрын-соңды болмаған күрделі геосаяси турбуленттілік кезеңінде қаншалықты сауатты құрып жатқанына қатты тәнті болғанын айтты.
Еліміздің ұқсас экономикалық құрылымын, күрделі геосаяси шындықты және өсіп келе жатқан сын-қатерлерді ескере отырып, З.Буамама Алжирдің Қазақстаннан және оның ең табысты тәжірибесінен, әсіресе сыртқы коммуникациялар мен ішкі саясаттағы стратегиялық басымдықтарды дамыту салаларында үйренетіні көп екенін атап өтті.
Жалпы, әңгімелесушілер ресми және сарапшылық делегациялардың сапарларымен алмасуды, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын дамытуды қамтитын бірлескен іс-қимыл жоспарын белгіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-algeria/press/news/details/1136926?lang=kk