Қостанай облысының өнеркәсіп және инвестициялық әлеуетінің дамуы
06.01.2026 16:20:18 984
Қостанай облысы еліміздің негізгі индустриялық орталықтарының бірі ретінде өзінің позициясын нығайтуын жалғастыруда. Өңір Қазақстан Республикасында машина жасау өнімдерінің көлемі бойынша жетекші орын алады: бұл саладағы республикалық өндірістің ширегіне жуығы — 25,1% немесе 1 223,8 млрд теңге (ел бойынша жалпы көлем 4 881,6 млрд теңге) Қостанай облысына тиесілі.
Өңір кәсіпорындары инновацияларды, цифрлық шешімдерді және өндірістік роботтандыруды белсенді енгізуде. Тек 2025 жылдың өзінде өнеркәсіптік роботтар саны 40 есеге өсіп, 3-тен 133-ке дейін артты. Бұл өңірдегі технологиялық жаңғыртудың жоғары қарқынын дәлелдейді.
Маңызды іске асқан жобалардың бірі – құны 78,2 млрд теңге болатын «KamLitKZ» ЖШС шойын құю зауытының құрылысы. Оның іске қосылуы өңірде 500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
Құны 160,5 млрд теңге болатын жетекші белдіктер өндіретін ірі зауыттың құрылысы аяқталды. Онда 650 жұмыс орны құрылады. Тағы бір ауқымды жоба – жеңіл автокөліктерге арналған автокомпоненттер зауыты. Инвестициялар көлемі 17,8 млрд теңгені құрайды, 800 жұмыс орны ашылады.
Машина жасау саласының дамуына айтарлықтай үлес қосатын нысан – небәрі 1,5 жылда салынған жаңа KIA («KIA Qazaqstan») зауыты. Мұнда 1 500 адам еңбек ететін болады.
2025 жылдың сәуірінде «СарыарқаАвтоПром» ЖШС Jetour X70+ автокөлігін өндіруді іске қосты. Инвестициялар көлемі – 2,3 млрд теңге, 200 жаңа жұмыс орны құрылды.
Өңір экономикасының өсу драйверіне қара металлургия айналуда. Рудный қаласында салмағы жағынан ең ірі және капиталы көп талап етілетін жобалардың бірі – ыстық брикеттелген темір өндіру зауытының құрылысы басталды. Жобаның бірінші кезеңіне 655 млрд теңге инвестиция салынып, 1000-нан астам жұмыс орны ашылады.
Лисаков қаласында темір рудасының техногендік қалдықтарын қайта өңдеу бойынша жалпы құны 36 млрд теңгеден асатын жоба іске қосылуға дайындалуда (бірінші кезең – 10,4 млрд теңге, екінші кезең – 25,9 млрд теңге).
Қостанай қаласында халықаралық көлік-логистика кешені – «Тобыл» құрылысы жалғасуда. Жаңа нысан жылына 400 мың контейнерге дейін өңдеуге мүмкіндік береді. Инвестициялар көлемі – 63,8 млрд теңге, жоба 500 жұмыс орнын ашады. Кешеннің іске асуы өңірдегі жүк айналымын 20%-ға арттырады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға 556,4 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8%-ға жоғары.
Соңғы үш жылда өңірге шамамен 1,5 млрд АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Бұл – Қостанай облысының инвестициялық климатын халықаралық бизнестің жоғары бағалайтындығының айқын дәлелі.
Агроөнеркәсіп секторы Қостанай облысының экономикалық дамуының негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. 2025 жылы саланы қолдауға 207 млрд теңге бөлінді — бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға көп.
11 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 924 млрд теңгені құрап, жыл қорытындысында 1 трлн теңгеден асты. Астықтың жалпы түсімі 7 млн тоннаны құрады.
Өңірде 7 заманауи цифрлық сүт-тауарлы ферма жұмыс істейді, тағы 5 нысанды 2026 жылы іске қосу жоспарланған. Бұл жобалардың жүзеге асуы сүт өндірісін екі есеге арттырады — 75 мың тоннадан 152 мың тоннаға дейін.
Тағам өнеркәсібі де қарқынды дамуда. «Баян Сұлу» АҚ «Кондитерлік Астана» жаңа кондитерлік фабрикасын салып жатыр. Инвестициялар көлемі — 14,3 млрд теңге, 260 жұмыс орны ашылады. Фабрика іске қосылғаннан кейін өнім ассортименті 16,6 мың тоннаға ұлғаяды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1137331?lang=kk