Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселелері қаралды

Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселелері қаралды

06.01.2026 18:10:51 1030

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен облыс әкімінің мәжілісінен кейінгі жиын өтті.

Мәжілісте Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес цифрландыру және жасанды интеллект бағытындағы жұмыстарды аудан деңгейінде жүйелі ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар 2026 жыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Бұл туралы Жандос Еркінбек:

-Цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартып, уақыт пен ресурсты үнемдеуге және жастардың білімін жетілдіріп, ақпараттық технология саласында жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Сондықтан, цифрландыру мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану үшін тұрғындарды кеңінен оқыту, насихаттау жұмыстарын жүргізу қажет,- деп атап өтті.

Осыған орай аудан көлемінде цифрландыру және жасанды интеллект бағытында білім беру және оқыту орталықтарын ашу мүмкіндіктері, жастар арасында насихаттау жұмыстарын күшейту мәселелері бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ жиында 2025 жылғы аудан бюджетінің игерілу қорытындысы да қаралды. Қазіргі таңда аудан бюджеті 100 пайызға жуық орындалып отыр. Бұл жұмыстардың толық орындалуы үшін жауапты сала басшыларына бақылауды күшейту тапсырылды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімі барлық тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1137476?lang=kk