Қаланың қысқы күтіп ұстауы — ерекше бақылауда
06.01.2026 18:10:53 1053
Аппараттық кеңесте қалалық аумақты қысқы күтіп ұстау мәселесі қаралды.
Ағымдағы жылы қаланы тазалау жұмыстарын 6 мердігер ұйым жүзеге асырады (бұрын – 5). Бұл мақсатта 392 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Қар полигондарының саны 4-тен 5-ке дейін арттырылып, олардың барлығында таразылар мен қар шығаруды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі орнатылды.
Сонымен қатар, алғашқы қалың қар бірқатар мердігер ұйымдардың жұмысында кемшіліктер бар екенін көрсетті. Осыған байланысты коммуналдық қызметтерге тазалау жұмыстарын күшейту, тәулік бойы жұмыс режимін ұйымдастыру, негізгі магистральдардағы автотұрақтарды тазалау мәселесі бойынша полиция органдарымен өзара іс-қимылды жолға қою, сондай-ақ жолдар мен тротуарларда қарды уақтылы тазалауды қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Қар тазалау шарттарының барлық елеулі бұзушылықтары арнайы порталға тіркеледі. Ескертулер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, жосықсыз мердігер ұйымдармен шарттарды бұзу мәселесі қаралатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1137470?lang=kk