Салық төлеушілердің назарына. Салық есептілігі: нені білу маңызды
06.01.2026 19:30:26 955Есептілік тапсырылмаған болса
Егер салық төлеуші салық есептілігін ұсынбаса және салық төлеушінің жеке кабинетіндегі (СӘИЖ СТК) деректерінде ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандары алдын ала көрсетілген болса, онда жүйе оны ұсынудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін салық төлеуге есептелетін нөлге тең сомамен есептілікті автоматты түрде қалыптастырады.
Қандай іс-шаралар қолданылмайтын болады
Салық есептілігін ұсынбағаны үшін қолданылмайтын болады:
- салық есептілігін ұсынбағаны үшін хабарламалар шығару;
- банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
-«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 272-бабы шеңберінде әкімшілік жауаптылыққа тарту.
Білу маңызды
Егер мемлекеттік кірістер органдары тарапынан сіз көрсетпеген айналымдар (кірістер) анықталатын болса, онда әкімшілік жауапкершілік нормалары қолданыла алады.
Егер сіз мәлімделмеген кірістерді дербес анықтаған және қосымша салық есептілігін ұсынған болсаңыз шаралар қолданылмайды.
Салық есептілігін кері қайтарып алуда өзгерістер
Не өзгерді
- «Салық есептілігін кері қайтарып алу» қызметі жойылды;
- СЕН ұсынылғаннан кейін өзгерістер енгізу тек қосымша салық есептілігін беру жолымен ғана мүмкін болады;
- салық төлеушінің тіркеу есебінің орны бойынша салық органының кодын автоматты түрде анықталады;
- қажет болған жағдайда салық органының кодын дербес өзгерте аласыз.
Салық есептілігін ұсынуды ұзарту
СЕН беру мерзімін ұзарту (кейінге қалдыру) енді көзделмеген.
Білу маңызды
ҚР Қаржы министрі 12.11.2025 жылғы № 695 «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрық бекітілген.
Көрсетілген бұйрықта:
- салық есептілігінің нысандары және оларды жасау бойынша түсініктемелер;
- салық есептілікті нысандарын ұсыну ережесі;
- «Салық есептілікті қабылдау», «Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру, қайта бастау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары.
Өзгерістер қай кезден бастап әрекет етеді
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі нормалар күшіне енеді:
- салық есептілігін кері қайтарып алу жойылады;
- салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту жойылады.
Бұл ережелер көрсетілген датаға дейін туындаған жағдайларға да қолданылады.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1137582?lang=kk