Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясының 2025 жылғы қорытындылары
06.01.2026 20:40:31 776
2025 жылы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткізілген іс-шараларға 849 мың адам, сондай-ақ 8,8 мың кәсіпорын мен ұйым қатысты. Акция барысында 17,5 мың тонна қоқыс жиналып, 109,8 мың ағаш отырғызылды және әртүрлі ағаш тұқымдарының 14 мың килограмы себілді. Іс-шараларды өткізу үшін 3,7 мыңнан астам арнайы техника бірлігі жұмылдырылды. Оның ішінде облыстың 429 мектебінде 11,2 мың ағаш отырғызылды.
Акция аясында 3 048 көппәтерлі тұрғын үйдің аулалары, 55 саябақ пен сквер, 1 194 тарихи-мәдени мұра объектісі және 1 055 әлеуметтік нысан тазартылды.
Облыс тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тазалықты сақтау мақсатында медиажоспар бекітілді. 2025 жылы әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 30 мыңнан астам ақпараттық материал жарияланды.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында @TazaQazBot телеграм-чат-боты іске қосылды. Онлайн-платформада келіп түскен өтініштерге күнделікті мониторинг жүргізіліп, олар уақтылы және сапалы түрде орындалуда. Есепті кезеңде телеграм-ботқа 668 өтініш келіп түсті, оның ішінде 542-сі орындалды, 126-сы кері қайтарылды.
Сонымен қатар, телеграм-чат-боттың мүмкіндіктері туралы халықты ақпараттандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ресми интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде 200-ден астам ақпараттық материал жарияланып, 43 тақырыптық баннер орнатылды. Ақпарат көппәтерлі тұрғын үйлердегі мүлік иелері бірлестіктерінің чаттарында, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыс чаттарында, «Жетісу» телеарнасында, сондай-ақ облыстық интернет-ресурстар мен баспа басылымдарында таратылды.
Іс-шараларды іске асыру жұмыстары «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2024–2029 жылдарға арналған бекітілген Іс-қимыл жоспарына сәйкес жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1137596?lang=kk