ҮЛКЕН НАРЫН АУДАНЫНЫҢ АЛТЫНБЕЛ АУЫЛЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

ҮЛКЕН НАРЫН АУДАНЫНЫҢ АЛТЫНБЕЛ АУЫЛЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

07.01.2026 10:00:38 834

Бүгін Үлкен Нарын ауданының Алтынбел ауылында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында өрт сөндіру пунктінің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа нысан ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өртке қарсы қорғаныс жүйесі мен ауылдық елді мекендердегі өртке қарсы инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Сайранұлы Аринов, ШҚО әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа қуаныштарымен құттықтады. Олар бұл нысанның ауылдық аймақтардағы қауіпсіздік деңгейін арттырудағы маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін “Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл” мерейтойлық медалімен және ТЖМ Алғыс хатымен бірқатар азаматтар марапатталды. Сонымен қатар, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан жеке үлесі, ТЖ алдын алуға бағытталған іс-шараларын іске асыруға белсенді қатысқаны үшін ШҚО Н.А Сақтағановтың Алғыс хатымен аудандық №26 өрт сөндіру бөлімінің бірқатар қызметкерлері марапатталды.  Жиын барысында Үлкен Нарын ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Д.Т.Абылқайровқа өртке қарсы қолданатын арнайы техниканың кілті салтанатты түрде табысталды.

Өрт сөндіру пункті заманауи техникамен және қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Бұл өз кезегінде құтқарушылардың төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету сапасы мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1137615?lang=kk