13-желтоқсан қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні

13-желтоқсан қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні

07.01.2026 11:00:24 949

Қазақстан Республикасы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі орынбасарының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы бұйрығымен биыл алғаш  рет 13 желтоқсан Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде бекітілді.   

Қылмыстық-атқару жүйесі заңдылықты, құқықтық тәртіпті және сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Осы кәсіби мереке күні қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген қызметкерлерге жоғары жауапкершілігі мен қызметке деген беріктігі үшін алғыс білдіріледі.

Соынмен қатар, қонақтар назарына «Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйе Шежіресі»  туралы кітаптың тұсаукесерін ұсынамыз.  

 

13 желтоқсан 1997 жылы елімізде қылмыстық-атқару жүйесі Кодексі пайда болып, заңды күшіне енді. Ал биыл 2025 жылы алғаш рет 13 желтоқсан «Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің» кәсіби мейрамы болып бекітілді.

Осы орайда департамент басшылығымен «Жүйе туралы шежіре» кітабын жазу жоспарланып, жұмыс тобы құралды. Кітапта Жүйенің өткені және бүгінге дейінгі дамыған сатылары, сондай ақ осы салада еңбегі сіңген ардагерлер мен қызметкерлер туралы баяндалған!    

Барша қызметкерлерге зор денсаулық, қызметте табыс, тұрақтылық және отбасылық амандық тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1137628?lang=kk