Латвия Сеймінде Қазақстанмен диалогты нығайтуға ниетті
08.01.2026 19:11:09 876
Рига, 2026 жылдың 8 қаңтары - Латвия Республикасының Сеймінде Қазақстан Республикасының Елшісі Дәурен Кәріповтің ҚР Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі Сейм тобының жетекшісі, депутат Линда Лиепинамен кездесуі өтті.
Елші Қазақстан-Латвия ынтымақтастығының жай-күйі мен одан әрі даму перспективалары, ағымдағы жылға арналған алдағы бірлескен іс-шаралар кестесі туралы хабардар етті. Екі мемлекеттің заң шығарушы органдары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Л.Лиепина өз кезегінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту арқылы екіжақты қатынастарды тереңдетуге және кеңейтуге мүдделілігін растады. Қазақстан мен Латвияның парламентаралық өлшеміне жаңа серпін беру қажеттігін қолдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1138325?lang=kk