Астана мен Любляна бауырластық байланыстарды нығайтуда

Астана мен Любляна бауырластық байланыстарды нығайтуда

09.01.2026 08:00:39 726

Любляна, 2026 жылғы 8 қаңтар – Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Любляна қаласы мэриясының басшылығымен кездесуде елордалар — Астана мен Любляна арасында бауырластық қарым-қатынас орнатуды ұсына отырып, муниципалитетаралық және өңірлік деңгейлердегі екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл байланыстар қала шаруашылығын басқаруда тәжірибе алмасудың, бірлескен жобаларды іске асырудың және екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтудың маңызды платформасы ретінде қарастырылады.

Словениялық тарап Астананың даму қарқынына, «Oxford Economics 2025 индексіндегі» елорданың өзекті ұстанымына, сондай-ақ 2025 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан астанасы алдында ҚР Президенті белгілеген басым міндеттерге және Мемлекет басшысының Astana Smart City бойынша бастамасын іске асыруға шынайы қызығушылық танытты.

Тараптар қала құрылысы, муниципалды даму және қалалық коммуникация, қоршаған ортаны қорғау, қала тұрғындарының қауіпсіздігі, қалалық инфрақұрылымды дамытудағы ЖИ рөлі, елордалық трафик және шетелдік туристер мен инвестицияларды тарту бойынша тәжірибе алмасуға ерекше назар аударды.

Қазақстан мен Словения арасындағы дипломатиялық қатынастардың 35 жылдығына дайындық аясында тараптар бірқатар бірлескен мәдени іс-шараларды, Қазақстанның Люблянадағы күндерін іске асыру және мемлекеттеріміз бен олардың астаналары арасындағы ұзақ мерзімді әріптестік пен достықты одан әрі нығайту жөніндегі бастамаларды талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1138370?lang=kk