«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

09.01.2026 08:20:31 698

Үлкен Нарын ауданының Малонарымка ауылында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың, буллингтің және интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында аудан тұрғындарымен «Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында заңның қоғамдағы рөлі, әділеттілік пен тәртіптің негізі ретіндегі маңызы, құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг, лудомания туралы сөз қозғалды.

Шараға аудандық полиция бөлімінің және жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты.

Шара соңында қатысушылар заң мен тәртіпке негізделген әділетті қоғам қалыптастыруда әр азаматтың рөлі маңызды екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1138379?lang=kk