ЭҚЖЖ-ға енгізілген өзгерістерге байланысты оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне (АСР) көшу кезіндегі бас тарту себептері туралы
09.01.2026 17:51:09 607
Пресс-релиз
ЭҚЖЖ-ға енгізілген өзгерістерге байланысты оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне (АСР) көшу кезіндегі бас тарту себептері туралы
Жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты оңайлатылған декларация режиміне көшу кезінде салық төлеушілердің аталған режимге көшу туралы хабарламаларын қабылдаудан бас тарту жағдайлары жиілеп отыр. Бас тартулар Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесі арқылы, мәлімделген экономикалық қызмет түрінің (ЭҚЖЖ) Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қалыптастырылады.
Бас тартудың негізі — салық төлеушілердің экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторынан өзгертілген немесе алып тасталған ЭҚЖЖ кодтарын қолдануы болып табылады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2023 жылғы
16 қазандағы № 393-НҚ және 2023 жылғы 28 қарашадағы № 468-НҚ бұйрықтарымен ҚР ҰК 03-2019 «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторы»-на № 2 және № 3 өзгерістер бекітіліп, олар 2024 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енді.
Осылайша, ЭҚЖЖ 86900 коды жойылып, оның орнына 86901 және 86909 кодтары енгізілді, ал 62022 коды классификатордан алынып тасталды және т.б.
Осыған байланысты салық төлеушілер режимге көшу туралы хабарламаны ұсынғанға дейін ЭҚЖЖ классификаторының қолданыстағы редакциясына сәйкес тіркеу деректерін келтіруі қажет, ол үшін төмендегі құжаттар ұсынылады:
• жеке кәсіпкерлерге — жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама (тіркеу деректерін өзгерту бөлігінде);
• заңды тұлғаларға — тіркеуші органдар арқылы немесе
«Е-статистика» жүйесінің корреспондент кабинетi арқылы мәліметтерге өзгерістер енгізу туралы өтініш.
Экономикалық қызмет түрі өзектендірілгеннен кейін және оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданудың барлық шарттары сақталған жағдайда, салық төлеуші қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны қайтадан ұсынуға құқылы.
Оңайлатылған декларация режимін қолдану үшін аталған режимге көшу туралы хабарламаны 2026 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей ұсыну қажет екенін еске саламыз. Мұндай хабарлама ұсынылмаған жағдайда, салық төлеуші 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданушы болып танылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1138998?lang=kk