Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен ҚазМұнайГаз инвестиция тарту мәселелерін талқылады
10.01.2026 08:00:30 696Астана, 2026 жылғы 9 қаңтар – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстанның көмірсутек экспортының бағыттарын дамыту, отандық энергетика саласына шетелдік инвестициялар мен озық технологияларды тарту, сондай-ақ жобаларды халықаралық компаниялардың қатысуымен іске асыру мәселелері бойынша еліміздің сыртқы саяси ведомствосы мен ҚМГ арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.
А.Хасенов ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұлттық мұнай-газ компаниясының мүддесін шетелде ілгерілетудегі жан-жақты қолдауы үшін алғыс білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1139153?lang=kk