Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ елшілесінен сенім грамоталарын қабылдады
10.01.2026 09:10:35 701
Ақорда резиденциясында АҚШ елшісі Джули Стаффттің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Джули Стаффтпен әңгімелесу барысында АҚШ-қа жасаған сапары табысты өткенін ықыласпен еске алды.
– Президент Дональд Трамп мырзамен достық рәуіште мазмұнды әңгіме өрбітіп, келіссөздер жүргіздік. Таяуда біз телефон арқылы емен-жарқын сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастығымызға қатысты көптеген мәселені талқыладық. Мені жыл соңында Құрама Штаттарда өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтамын. Біз көптеген саладағы стратегиялық серіктестігімізді дамытып, нығайтуға күш саламыз, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев елшіні дипломатиялық миссиясының ресми түрде басталуымен құттықтап, АҚШ Президенті Дональд Трамқа ізгі тілегін жолдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1139161?lang=kk