Ұландықтар 18 мың тәртіп бұзушыны ұстады

Ұландықтар 18 мың тәртіп бұзушыны ұстады

10.01.2026 09:50:42 643

10 қаңтар — Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының құрылған күні. Бұл күн қоғамдық және құқықтық тәртіпті, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін күзететін әскери қызметшілердің кәсіби мерекесі. Осы күні мереке иелері өткен жылғы қызметтік-жауынгерлік қызметті қорытындылайды.

Өздеріңіз білетіндей, Ұлттық ұланның негізгі міндеттерінің бірі — ішкі істер органдарымен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін бақылау және қадағалау.

2025 жылы құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету кезінде патрульдік-бекеттік қызмет бойынша 3 308 орындады. Республика бойынша 985 қоғамдық-саяси және басқа да бұқаралық іс-шараларды қамтамасыз етуге қатысты.

Қызмет өткеру барысында 18 мыңға жуық құқық бұзушы ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Оның ішінде 700-ден астам адамның әрекетінде қылмыс белгілері бар. Патрульдік-бекеттік қызмет міндеттерін орындау кезінде 308 суық және атыс қаруы тәркіленді, сондай-ақ есірткі заттарын алудың 153 фактісі тіркелді.

Ұлттық ұлан қызметінде Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Қарауылдармен ҚАЖ-ның 39 мекемесі және бір өндірістік объектіні күзету, сондай-ақ сотталғандар мен қамаудағы адамдарды 10 темір жол және 25 автожол маршруттары бойынша айдауылдау қамтамасыз етілді.

Жыл басынан бері ҚАЖ мекемелерінің негізгі қоршауы арқылы тыйым салынған заттарды өткізудің 132 фактісі тоқтатылды. Бұдан басқа, көлік БӨП-терінен тыйым салынған заттарды тасымалдаудың 45 әрекеті және ҚАЖ мекемелерінің БӨП арқылы алып өтудің 25 фактісі анықталды. Оларды жасаған кезде 100-ге жуық бейбіт тұрғын ұсталды.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде барлығы 1 441 ұялы телефон, 689 SIM-карта, 724 пышақтау-кесу заттары мен суық қарулар, жалпы салмағы шамамен 2,7 килограмм есірткі заттары, құрамында 70 литр алкоголь бар сұйықтықтар, сондай-ақ 423 797 теңге және 300 АҚШ доллары тәркіленді.

2025 жылы айдауылдау қызметінде қарауылдар 75 мыңға жуық сотталғандар мен қамауда отырған адамдарды тасымалдады, екі мыңнан астам сот процестерін жүргізу қамтамасыз етілді. Алғаш рет және қауіпсіздіктің жоғары талаптары жағдайында үш рет ерекше бақылаудағы адамдарды әуе кемелерінде айдауылдау ұйымдастырылды.

Қол жеткізілген нәтижелер Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы жеке құрамының кәсіби даярлығының, тәртібі мен жауапкершілігінің жоғары деңгейін растайды. Құқықтық тәртіп әскерінің әскери қызметшілері елдегі тұрақтылықты, қауіпсіздікті және заңдылықты қамтамасыз ете отырып, өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындайтын болады.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1139165?lang=kk