Жаңа салық кодексі түсіндірілді
12.01.2026 18:40:44 269
Көкшетауда Шұғыла бизнес коворкинг орталығында кәсіпкерлер, есепшілер, консалтингтік компания өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру мақсатында семинар өтті.
Шара барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығы басқармасының басшысы Айнұр Елікбаева Қазақстан Республикасының 2026 жылда салық заңнамасына енгізілген негізгі өзгерістермен таныстырды.
Жаңа Салық кодексі кәсіпкерлердің қызметін айтарлықтай жеңілдетуді көздейді. Осы арқылы әкімшілік жүктеме мен өткізілетін есеп түрлері азайып, цифрлы сервистер енгізілетін болады. Бұл бизнеске артық бюрократиядан арылып, ашық және тиімді жұмыс істеу арқылы кәсіпті дамытуға мүмкіндік береді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұған дейін қолданыста болған жеті нұсқаның орнына үш әмбебап арнайы салық режимі (АСР) қалады:
1. Өзін өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР
- Қарапайым декларацияға негізделген АСР
- Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР.
бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Назгүл Аюпова хабарлады.
ҚҚС-ты әкімшілендіру бөлімінің басшысы Жанна Антаева ҚҚС салынбайтын санаттарын, электрондық шот-фактураларды беру ерекшеліктерін және басқа да өзекті мәселелерді талқылады.
2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халық бухгалтері» акциясы басталды. Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек. Акция 2026 жылғы 5 қаңтарда басталып, 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп, салықтық есептілік және ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу мәселелері бойынша түсінікті әрі практикалық түсіндірмелер ала алады. Негізгі формат — қалалар мен облыс орталықтарындағы мемлекеттік кірістер басқармалары базасында офлайн қабылдау. Қаңтар–ақпан айларында консультациялар аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі. Наурыздан бастап консультациялар аптасына 2 рет жүргізіледі. Акция аясында консультацияларды кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар, кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ заңнама нормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарының ең тәжірибелі қызметкерлері жүргізеді. Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы, 21А мекенжайында орналасқан Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өтуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1139942?lang=kk